Ақтауда түрмеден қашқан педофил ұсталды

1295

Ол 14 қыркүйекте түрмеден қашып кеткен.

Ақтауда түрмеден қашқан педофил ұсталды Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысының Қылмыстық атқару жүйесі департаменті әлеуметтік желілерде ер адамға іздеу жариялайды. Хабарламада айтылғандай, іздеуге түскен адам - педофил.

Қашқын кәмелетке толмағандарды қорлағаны үшін сотталған 1982 жылы туған ер адам. Ол 14 қыркүйекте түрмеден қашып кеткен. Департамент ер адамның ұсталғанын нақтылады, бірақ толық ақпарат айтудан бас тартты. 

Жазасын өтеуші бірнеше жыл бұрын ҚР ҚК-нің 124-бабы бойынша сотталған. Қылмыскер колониядан еңбек етуге барып жүрген. Түрмеден жұмыс орнына кетіп, қайта оралмаған. Қылмыскер 16 қыркүйекте кешке ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу