Ақтауда үлескерлерді алдаған мердігер компания басшысы ұсталды

1043

Қазір алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталды. 

Ақтауда үлескерлерді алдаған мердігер компания басшысы ұсталды

Ақтауда 300-ге жуық үлескерді алдаған "Тастемір – ЛТД " құрылыс  компаниясының басшысы  ұсталды, деп хабарлайды Аtameken Business.

Нақты айтқанда, күдікті басқарған компания арзан жарнамамен салымшыларды қызықтырып, қаражатын алып, үйлерінің құрылысын қасақана созып жүрді деп айыпталып отыр. Бұдан бөлек, 15 млн теңгеге дейін қаражатын қолма-қол санап берген үлескерлердің пәтерін бірнеше адамға сатқан. Одан қалды құрылыс нормаларын бұзып, әкімдіктен еш рұқсат алмағаны анықталды. Ал алаяқ компанияның кесірінен не ақша, не пәтерсіз қалған үлескерлердің мәселесі қалай болатыны әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу