Ақтауда Универсиаданың алауы жағылды

1216

Ақтауда Универсиаданың алауы жағылды

12 шақырымдық Алау эстафетасына Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қатысты. Аймақ басшысы Универсиада алауын алып жүрген бірінші топтың құрамында болды, деп хабарлады  almaty2017. com

- Біз бүгін тарихи сәттің куәгері болып отырмыз. Қазақстан жерінде өтіп жатқан спортшылардың сайысын бүкіл әлем қарайтын болады. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын 12 спорт түрі бойынша 171 спортшы қорғайды. Оларға баршамыз сәттілік пен жеңіс тілейік! Туған жерімізде өтіп жатқан Универсиада біздің спортшыларымыздың жоғарғы марапатқа ие болуына үлкен демеу береді деп сенемін! – деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Универсиада алауын 60 маңғыстаулық спортшы мен студенттер, оның ішінде, Әділбек Ниязымбетов, Ердос Жаңабергенов, Берік Әбдірахманов және Бекзат Нұрдәулетов алып жүреді. Алау ұстаушылардың көпшілігі – 28 жасқа дейінгі спортшы-студенттер.

Алау эстафетасының екінші кезеңі Ақтау қаласының теңіз жағалауынан басталады. Спортшылардың бағыты облыс орталығының негізгі көрікті жерлерін – Неке сарайын, Маңғыстау облысының әкімдігін, Құрманғазы ескерткішін, "Мәңгілік алау" монументін, Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрын, Каравелла ескерткішін және Ақтау қаласының әкімдігін қамтиды.

Маңғыстау облысы атынан басты алауды Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Әділбек Ниязымбетов алып жүреді. Әділбек Универсиада алауын Ақтаудан Алматыға жеткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу