Ақтауда үш апта бұрын жоғалған жасөспірім табылмай жатыр

668

Жасөспірімнің анасы қызының ешқашан хабарсыз кетпегенін айтады. 

Ақтауда үш апта бұрын жоғалған жасөспірім табылмай жатыр Фото: Lada.kz

Ақтауда 15 жастағы жасөспірім 22 күннен бері табылмай жатыр. Үш апта бұрын жоғалып кеткен Анастасия Пенскаяның туыстары қызына алаңдаулы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Қазір жасөспірімді Маңғыстау облысының достары, таныстары, туыстары мен полицейлері іздеп жатыр.  

"Біз сені үйде күтіп отырмыз. Бәріміз күтіп жүрміз. Әкесінің орнын басқан  өгей әкесі, ағасы да, әпкесі де қатты алаңдаулы. Біз қатты уайымдап отырмыз. Қандай жағдай болса да сені қиындықта қалдырмайтынымызды білсін", - деді қыздың анасы.

Жасөспірім 1 ақпанда сағат 01:40 шамасында жоғалып кеткен. Ол Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шыққан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жоғалған күні Анастасия Пенская қара күрте, қара леггинстер және қара және ақ спорттық аяқ киім киген. 

Белгілері: қолаң қара шашты, бойы 165-170 сантиметр, кеуде аймағында татуировкасы бар.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі осы өтініш бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қызды көрген болсаңыздар мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: +7 (705) 701-18-53, +7 (7292) 47-48-10, 47-48-25, 47-48-02, 53-18-22, +7 (747) 230-00-04, +7 (747) 963-62-96, +7 (700) 111-40-84, 102.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу