Ақтауда үш баласын қатыгездікпен өлтірген әкенің ісі бойынша тергеу аяқталды

975

Ақтау қаласында үш баласын өлтіргені туралы атышулы істің сотқа дейінгі тергеуі аяқталып, прокуратураға жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтауда үш баласын қатыгездікпен өлтірген әкенің ісі бойынша тергеу аяқталды Фото: лада.кз

"Іс прокуратураға зерделеуге жіберілді, содан кейін шешім қабылдау үшін сотқа жолданады", - деп атап өтті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 24 наурызда Ақтаудағы 27 шағын ауданын, №46 үйде ауыр қылмыс тіркелді. Куәгерлердің айтуынша, ер адам үш баласын пышақтап, пәтерде қатыгездікпен қинаған. Оқиға орнына келген полицейлер ер адамды ұстады. Пәтерде 2011, 2014 және 2016 жылы туған балалардың денелері табылды. Олардың жауыздықпен қайтыс болғаны анықталды.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу