Ақтауда ұшақ апатынан кейін халықаралық сарапшылардың қатысуымен жиын өтті

200

Комиссия оқиға орнына толық құраммен бірге барады, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Ақтауда ұшақ апатынан кейін халықаралық сарапшылардың қатысуымен жиын өтті Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Көлік министрлігіне қарасты комиссияны Марат Қарабаев басқарады.

Комиссия төрағасының орынбасары, тергеу жөніндегі уәкіл – көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев.

Министрлікке қарасты бұл комиссия Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын Үкіметтік комиссияның құрамына кіреді.

"Қазақстанның көлік министрлігі комиссиясының басты мақсаты – авиациялық оқиғаның себебін анықтап, болашақта осындай жағдайды алдын алып, болдырмау үшін ұсынымдар әзірлеу. Бүгін Марат Қарабаевтың төрағалығымен штабта барлық 17 халықаралық сарапшының қатысуымен жиналыс өтті. Комиссия жұмыс жоспарын нақтылады. Комиссия оқиға орнына толық құраммен бірге барып, апатқа ұшыраған әуе кемесінің элементтері жиналатын арнайы ангарды қарайды. Әуе кемесінің элементтерін жинайтын күн бірлесе бекітіледі", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу