Ақтауда үшем дүниеге келді

636

Ол перзенттерін 9 жыл күткен.  

Ақтауда үшем дүниеге келді Фото: amp.donpatriot.news

Ақтау қаласының тұрғыны үшемді дүниеге әкелгеніне ерекше қуанды. Ата-анасы бірден үшем болады деп ойламаса керек. Салмақтары: 1,500 гр,​ ​1,400 гр және 850.0 гр.болып дүниеге келген сәбилердің біреуінде туа біткен жүрек ақауы (ашық артериялық түтік-ААТ) анықталып, 63-ші тәулікте сәбиге өте күрделі отаны Ақтөбе облыстық "Ана мен бала" орталығының бөлім меңгерушісі, кардиохирург дәрігер ​Досмаганбетов Ануар келіп, лигирование отасын сәтті жасап шықты.

Нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия және ​нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алып, жағдайлары тұрақталып, бүгін, 69-шы тәулікте, ​аналарымен бірге аман-сау үйге шығарылды. Ата-әжелері немерелеріне ​ Мансур, Расул, Айару деген есімдер ​берген. 34 жастағы үшемнің анасы сәбилеріне өмір сыйлаған ақ халаттыларға шын ризашылығын білдірді. ​ ​

Бұл Ақтауда биыл туған екінші үшем.​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу