Ақтауда үшем дүниеге келді

371

Жыл басынан бері  өңірде үшінші мәрте үшем дүниеге келді.

Ақтауда үшем дүниеге келді Фото: google.com

2 саты нәрестелерді емдеп жетілдіру бөлімшесінің неонатолог дәрігері Тойдық Сұлтанбайқызының айтуынша, соңғы 8 айда 6057 бала соның ішінде, 114 егіз және 3-ші  үшем туды.

Осы жолғы үшемнің біреуі қыз, екеуі ұл бала. Салмақтары: 1,430 келі, 1,480 келі, 1,600 келі. Бастапқыда салмақтары төмен болғандықтан, жетілдіріп толық реанимациялық бөлімнен өтті. Бүгін аналарымен бірге аман-сау үйге шығарылды.

Ең бастысы ата-аналары ерекше қуанышта екенін жеткізді. Үшемнің әкесі - Ерғали Берікұлы:”Алғаш естігінде, сенбедім. Қуанышта шек болмады. Тұңғыштарымыз бір қыз бір ер бала. Енді міне, бірден 5 баланың ата-анасы атанып, көпбалалы отбасы болу бұйырыпты. Нәрестелердің есімдерін жұбайым екеуіміз ақылдасып Айша, Абзал және Ағзам деп қоюды шештік. Осы тұрғыда,  Баршаға осындай бақыт бұйырсын және "Ана мен бала" орталығының барша көмектескен ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірді”, -дейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу