Қайғылы оқиға 4 қараша күні Ақтау қаласында болған. Ақпаратты Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"29-шы шағын аудандағы №3 үйден 4 қараша күні сағат 22:38-де бір жасар баланың жағдайына байланысты қоңырау түскен. Шамамен 15-20 минут бұрын бала су толтырылған ваннада шомылған. Сәби жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған", – делінген Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу