Ақтауда ыстық су мен жылу тоқтап қалды

658

Бүгін ақтаулықтар ыстық су мен жылытудың жоқтығына наразы болуда. "МАЭК" ЖШС жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық сумен жабдықтау өшірілген. Компания көппәтерлі тұрғын үйлерге ыстық су беру уақытша тоқтатылғанын растады. 

Ақтауда ыстық су мен жылу тоқтап қалды Фото: lada.kz

"МАЭК" мекемесі жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 3 сәуірде Ақтауға ыстық сумен жабдықтау тоқтатылды. Жұмыстарды сағат 18.00-ге дейін аяқтау және суды қайта қосу жоспарлануда", - деп хабарлады энергокомбинаттың баспасөз қызметі.

Қала әкімдігі жылыту маусымының аяқталғанын айтып, жылудың жоқтығы туралы түсініктеме берді.

"Жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларының 40-тармағына сәйкес, үш тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +8°С және одан жоғары болғанда немесе сыртқы ауа температурасының күрт көтерілуі салдарынан жылыту маусымының аяқталғаны туралы хабарлайды. Сағат түнгі 12-ден бастап жылу кезең-кезеңімен ажыратылады. Бұл туралы тиісті өкім 3 сәуірде қабылданды", - деп хабарлады қалалық әкімдік өкілдері.

Бастапқы кезеңде 20 шақты шағын аудан жылудан ажыратылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу