Ақтауда заңсыз тұрғын үй құрылысына тоқтам болмай тұр, деп хабарлайды Atameken Business.
Бірі қараша халықтың ақшасын жинап алып, зар қақсатса, енді басқасы коммерциялық мақсаттағы жерлерге үй салып, құрылысы тоқтап тұр. Сондықтан да қала билігі күрмеуі көп құрылыс нысандарын аралап, сенімсіз мердігерлерді атап көрсетті.
Аңқау елге арамза молда. Қазір қарапайым халықты арзан бағалы үйдің жарнамасымен алдап соғып, ақшасын алған соң, бой тасалап кететін мердігерлер көбейіп кетті. Опық жеген үлескерлер құрылыс маңын жағалап, құрылысшылардың кеңсесін торауылдап, тіпті, болмаған соң әкімдікке жиналып әбігерге түсіп жүр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу