Ақтауда заңсыз салынған 28 ғимарат бұзылды

407

3 нысан сот санкциясымен бұзылды.

Ақтауда заңсыз салынған 28 ғимарат бұзылды Фото: inbusiness.kz

Ақтау қаласындағы құрылыс қарқыны аясында жекелеген құрылыс салушылар рұқсат құжаттамасын алмай құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Жалпы, 2022 жылдан бері қадағалау шараларымен 120 нысан бойынша 90 млн. теңге сомаға құрылыс салушылар айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Алайда, құрылысшылармен бұзушылықтарды жоймау салдарынан сот заңсыз құрылыстарды бұзу бойынша 28 шешім шығарды.

Оның ішінде соттың санкциясымен 3 нысан, атап айтқанда Приморский елді мекенінде таунхаус және №9 өндірістік аймақтағы коммерциялық және тұрғын үй кешені бұзылды.

Барлық нысандар бойынша құрылыс жүргізуге рұқсат парақтары мен жобалау-сметалық құжаттама болмаған.

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңға сәйкес құрылыс салушылардың тиісті рұқсат құжаттарын ресімдемей азаматтардың ақшалай қаражатын тартуға құқығы жоқ екенін хабарлаймыз.

Осыған байланысты рұқсат құжаттарын ресімдемеген құрылыс компанияларына қаражат салуға жол бермеуге шақырамыз", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу