Ақтауда заңсыз салынған таунхаус сүрілді

285

Бұл жағдайға байланысты құқықбұзушылық туралы әкімшілік шаралар қабылданған.

Ақтауда заңсыз салынған таунхаус сүрілді Фото: Серік Маймеров

Ақтау қаласы Приморский-1 тұрғын массивінде заңсыз салынған таунхаус құрылысы сүрілді. Бұл жыл басынан бері соттың санкциясымен бұзылған 3-құрылыс, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған таунхаустың Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жоспардан тыс жүргізген тексеріс нәтижесінде заңсыз салынғаны анықталған.

"Құрылыс салушыларға құжаттарды рәсімдеуге, құрылысты тоқтатуға тиісті нұсқама берілді. Алайда, олардың тарапынан берілген нұсқама еленген жоқ. Сол себепті бұл заңсыз құрылысты біз сот органдарына бұзу туралы талап арыз жолдадық. Соттың бірінші сатыдағы шешімімен жолданған талап-арыз қанағанттандырылып, апелляциялық тұрғыда сот шешімі заңды күшіне енді", - деді Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Дәурен Өтепқали.

Құрылыс салушыға ҚР ӘҚБтК-нің 316, 321 және 463-баптарына (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс) сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.

Еске сала кетейік, Ақтауда ағымдағы жылдың 30 қазанында №9 өндірістік аймақта орналасқан №38 учаскеде заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені бұзылған болатын.

Ал, 6 қараша күні №9 өндірістік аймақта орналасқан №39/7 учаскеде заңсыз салынған қонақ үй сүрілді. Екі нысан да құрылысқа қажетті рұқсатнама құжаттарынсыз және жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталмай салынған.                                     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу