Ақтауда жағалаудың символы болған пальма ағаштары алып тасталды

256

Әкімдік ағаштың бұтағы сынып, басқаларын жел ұшырып әкеткенін айтты.  

Ақтауда жағалаудың символы болған пальма ағаштары алып тасталды Фото: Lada.kz

Қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері 2019 жылы орнатылған жасанды пальмалар жаңа абаттандыру жобасына кірмейтінін айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жасанды ағаштар бұрын қыста ауа райының бұзылуынан қорғау үшін тормен қорғалған. Бірақ уақыт өте келе бұтақтары сынған немесе желмен ұшып кеткен көрінеді.

Бүгінде жағалауға сән берген жасанды пальма ағаштарын қалыпқа келтіретін материалдар жоқ екен. Ал жергілікті билік оларды қайта құру жоспарынан алып тастау туралы шешім қабылдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу