27 маусым мен 1 шілде аралығында Ақтауда жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындары өтті деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер арасында жүлделі орындарды ақтаулықтар иеленсе, ерлер арасында Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы топ жарды.
Жағажай волейболынан Қазақстанның XXIII чемпионатының II туры:
Әйелдер:
1. Бақтыгүл Самалықова, Анастасия Уколова (Ақтау)
2. Дана Рубилко, Алена Чуйганова (Ақтау)
3. Дарья Мастихина, Дана Шыңғысова (Ақтау);
Ерлер:
1. Дмитрий Яковлев, Сергей Богату (Алматы)
2. Ерлан Елубаев, Сергей Цыкунов (Ақтау)
3. Алексей Кулешов, Александр Бабичев (Ақтау)