Ақтауда жағажайдан қуылған тұрғындар наразы

293

Теңіздегі су қазір +18 градустан аспайды. 

Ақтауда жағажайдан қуылған тұрғындар наразы      Фото: Тумба.кз

Ақтауда Каспий теңізіне шомылуға тыйым салынған орындардың тізімі шықты. Оған тұрғындар наразылық білдіруде, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жылы ауа райына байланысты суға шомылу маусымын күтпей теңізге түсетіндер көбейді. Көбіне жасөспірімдер 4 және 5- шағын аудандарда жағалауда суға түседі.

ТЖД мәліметтері бойынша бұл орындар қауіпті. Ал тұрғындардың пікірінше, жүзуге жалғыз қолайлы аумақтар осы. 4- шағынауданда 20 шақты адам ересектермен қоса жастар да өздерін "морждар" деп атайды. Олар кез-келген маусымда теңізге сүңгиді. Барлық демалушыларды тәртіп сақшылары мен ТЖД қызметкерлері дереу тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

"Мұнда толқын болмаған кезде, жүзу керемет. Қандай түсініксіз, бітпейтін шектеулер. Негізінен мас адамдар суға кетіп жатады.  Бұл орынға байланысты емес. Мен әкімдікке суға түсу үшін рұқсат сұрап, хат жаздым. Теңіз жағасындағы қалада шомылуға арналған орындар жоқ па? Мен өзім қыста да, жазда да шомыламын. Мені бір кездері осы жерден қуып жіберді, шомылуға тыйым салынды. Бұл дұрыс емес. Қанша жыл өтті? Шомылатын орындардың аумағын қосуға болады ғой.  Қала сыртындағы жағажайлар ақылы, ал қалада теңізге түсуге болмайды", - деп ренішін білдірді тұрғындар. 

Теңіздегі су қазір +18 градустан аспайды. Суға түсу маусымын ертерек бастауға да болады. Адам қауіпсіздік шараларын сақтаса болды ғой деп пікір білдіруде. 
Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары бұл жерлерде шомылуға болмайтынын ескертеді. Құлақ аспағандарға тәртіп сақшылары айыппұл да сала алады.

"Судағы қауіпсіздік- өзекті тақырыптардың бірі. Дәстүр бойынша 1 маусымнан бастап республикада шомылу маусымы басталады. Алайда, Маңғыстауда ертерек бастайды. Қазірдің өзінде суға түсушілер бар. Маңғыстау облысы мәслихатының шешіміне сәйкес, облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 10 орын белгіленді. Оның 3 - еуі Ақтауда, 2-еуі Қарақия ауданында, 4-еуі Түпқараған ауданында, 1 -еуі Мұнайлы ауданында", - деді Маңғыстау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы Бектас Мұратов.

Айта кетейік, өткен шомылу маусымында 13 адам суға батып кетті. Оның бесеуі бала.                                                                                                                                                                                                                            

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу