30 қараша күні бұл қаладан Ыстамбұлға бет алған ұшақ баланың денсаулық жағдайына байланысты қайтадан кері қонған еді. Балақайға өкпесі қабынған деген диагноз қойылып, дереу жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның дене қызуы үш күн бойы түспеген және ағзасынан қосымша сепсис, ауыр түрдегі қайталама энцефалит белгілері анықталған.
"Бала полиорганды жетіспеушілік салдарынан 2 желтоқсан күні қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Бұл диагноз сәби ағзасының бірнеше ауыр дертке төтеп бере алмағанын білдіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу