Ақтауда жаңа оқу жылында 7 мектеп пайдалануға берілді

619

Бүгін Ақтау қаласының оқушылары үшін есігін айқара ашқан 7 жаңа мектептің біреуі мемлекеттік, қалған алтауы жеке меншік білім ошағы.

Ақтауда жаңа оқу жылында 7 мектеп пайдалануға берілді

"Шаһардың 31"А" ықшам ауданындағы №30 мемлекеттік орта мектеп 1200 орындық. 3 га алаңда орналасқан білім ордасы заманауи құралдармен жабдықталған. Мұнда 256 орындық акт залы, 120 адамға арналған асхана, оқу залы, кітапхана, спортзал, сондай-ақ арнайы жабдықталған оқу кабинеттері бар.  Барлығы 48 сыныпта барлық жағдай жасалған",- дейді  Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева.

Ақтау қаласының оқушылары 2022-2023 оқу жылын 28 мемлекеттік  және 18 жеке меншік, бір кешкі мектепте білім алумен бастады. Биыл мектепте оқитын 57 мың 200 баланың 7 мыңға жуығы бірінші сынып оқушылары.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу