Ақтауда сұйытылған газ 2018 жылдың қаңтарында қымбаттайды, деп хабарлайды КазТаг.
"2018 жылдың қаңтарынан бастап көгілдір отын бағасы өседі. ҚР энергетика министрінің бұйрығына сәйкес газ 10% қымбаттайды. Облыстағы жанар-жағар май стансасындағы көгілдір отынның литрі Т55 тұрады", - деп хабарлады бейсенбіде Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Тимур Сәдуақасов.
Ол атап өткендей, бағаны Т60/литр көлемінде ұстау жоспарлануда. Қазір өңірде сұйытылған газ Т45/литр бағамен сатылуда.
"Жеке жанар май стансаларына келсек, бір литр газдың бағасы құбылып тұр. Кейбірі Т45-тен, кейбірі Т50-ден сатып жатыр. Облыс орталығынан алыста орналасқан жанар май бекеттері логистика кемшіндерін ескере отырып, Т55-тен сатуда. Алайда еш жерде Т55-тен жоғары баға тіркелмеген", - деді Тимур Сәдуақасов.