Құрылысшы салып жатқан жаңа үйдің бір бөлмесінде жатқан. Сыртқа шығып, қайта оралғанда үстіңгі қабаттың плитасы опырылып, дәл төсегіне құлағанын, ол орынның қирап құжаттарымен бірге жерге кіріп кеткенін айтады.
"Бұл - менің бөлмем. Жатын бөлмем, заттарым осында болды. Үстімдегі бетон плита құлап түсті. Төсегім, барлық заттарым жертөлеге түсіп кетті. Құдай сақтады. Мында жатсам, не болар еді? Қытай құрылыс материалдарынан салынып жатқан үйлерден сақ болыңдар", – дейді құрылысшы.
Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысылары барды. Тексеру жұмыстары басталды.