Ақтауда жанармай құю бекетін тонаған күдікті ұсталды

49

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

Ақтауда жанармай құю бекетін тонаған күдікті ұсталды Фото: Видеодан скриншот

Түнде жанармай құю бекетінде белгісіз ер адам кассирге пышақпен қорқытып, ақша талап еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәлім еткендей, қолма-қол қаражатты иемденгеннен кейін оқиға орнынан бой тасалаған. 

– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдікті бір сағат ішінде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу