Ақтауда жаназаға жүзден аса адам жиналды

953

Ол жөнінде ресми мәлімдеме жасалмады.

Ақтауда жаназаға жүзден аса адам жиналды

Маңғыстау облысында карантин режимі бүгіннен бастап екі апта уақытқа қатайтылды. Соған қарамастан, Ақтау қаласында болған жаназаға жүзден аса адам жиналған. Белгілі болғандай, қайтыс болған кісі – облыстың бұрынғы бас полицейі Мақсұтхан Әбләзімовтің анасы. Қазіргі күні ақтық шара рәсімінің видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарауда. Сонымен қатар, 79 жасында көз жұмған Бибіжамал Әбләзімованың жан-жағына жасаған жақсылығы көп, көпке қадірлі адам болғандығы да айтылып жатыр.

Сондай-ақ, бұл туралы өзінің Telegram-каналында Қазақстан премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов те жазды.

"Полиция генерал-майоры, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімов пен бизнесмен Бахаридин Әбләзімовтің анасы Бибіжамал Әбләзімова 79 жасында өмірден озды", – деп хабарлады.

Ал полиция қала ортасында адамдардың көптеп жиналуына байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу