Ақтауда жаңбыр толассыз жауып, көшелерді су басты

855

Кеше түнде басталған толассыз жаңбыр салдарынан Ақтау қаласының көшелерін су басып қалды. Тұрғындарға жүріп-тұру қиынға соғуда. Көліктер көлдей кілкіген суға батып, шыға алмай қиналуда. Базарлар, сауда орындары, тұрғын үйлердің іші мен аулалар суға толып кеткен. 

Ақтауда жаңбыр толассыз жауып, көшелерді су басты

Облыс орталығын судан тазарту үшін коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатса да, шамасы жетер емес.

Кеше сағат 23:00 бастап, таңғы 06:00 дейін жауын-шашын жаууына байланысты "Қала жолдары" ЖШС жұмысшылары түнгі кезекшілікте автомобиль жолдарында жиналған суларды алу жұмыстарын жүргізді. Оған 15 жұмысшы, 5 мотопомпа, 1 бойлер автокөлігі, 1 Газель автокөлігі жұмылдырылды.Түнгі жауын-шашыннан 7 мың м3 су алынды. Жаңбырдың салдарын жою жұмыстары әлі де тоқтаған жоқ. Қазір қала көшелерінде 35 жол жұмысшы, 6 мотопомпа, 1 бойлер автокөлігі, 3 Газель автокөлігі жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінен күндізгі аусымда жиналған суларды алу жұмыстарына 20 қызметкер, 8 мотопомпа; "КЖСА" МКК-нен 2 бойлер автокөлігі жұмылдырылды. Қазіргі таңда жауын-шашыннан 12 мың м3 су алынды.

Ал, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары халыққа алысқа ұзап шықпауды, демалыс орындарына бармауды ескертеді. Сел жүру қаупі бар.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу