Ақтауда жәндіктерді улау кезінде 6 жастағы бала қайтыс болды

1087

Тағы 2 балғын ауруханаға жеткізілген.

Ақтауда жәндіктерді улау кезінде 6 жастағы бала қайтыс болды

Тұрғындардың айтуынша, төменгі қабаттағы екі көрші жәндіктерге қарсы өз беттерінше дәрі сеуіпті. Бірақ бұл химиялық улау барысы өзге пәтер иелеріне ескертілмеген. Оқыс оқиғаға қатысты полицейлер "Абайсызда адам өліміне әкелу" бабымен тергеуді бастады, деп хабарлайды  astanatv.kz.   

"Бізге токсинді улану диагнозымен түсті. Қазір 6 жастағы баланың қандай жағдайда қайтыс болғанын анықтау үшін оның денесі сот сараптамасына жіберілді. Нәтижесі бір ай ішінде белгілі болады. Содан кейін ғана неден көз жұмғанын нақты айта аламыз", – дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Сәрсенбаев.

Бұл Ақтауда қандаланың көзін жоямын деп, бала өліміне әкелген алғашқы жағдай емес. Былтыр да Мұнайлы ауданында 2 жасар бала мен 29 жастағы әйел химиядан уланып, қаза тапты. Полицейлер дәрі себушілерді ұстағанмен, тергеу әлі аяқталмапты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу