Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

182

Ақтау битум зауытын жаңғырту жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылды. Жұмыстарды бас мердігер – CITIC Construction атқарды.  

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды Фото: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі

Зауыттың ашылау салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, "Самұрық-Қазына" АҚ стратегия және активтерді басқару бойынша тең басқарушы директоры Бақытжан Таубаев, ҚР Энергетика министрлігінің мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Дәулет Арықбаев, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің директоры Саятай Әліпбаев, сондай-ақ CITIC Group және CITIC Construction өкілдері қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңғырту нәтижесінде мұнай өңдеу зауытының жылдық қуаты 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін, ал битум өндірісі – 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Жоба басты технологиялық жабдық – ЭЛОУ-АВТ мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысын жаңартуға бағытталған. Жобаның негізгі және техникалық жағынан ең күрделі жұмыстарының бірі – биіктігі 40 метрге жуық 140 тонналық жаңа вакуумдық бағананы орнату болды. Ауқымды жұмыстар қондырғының атмосфералық бөлігін және технологиялық пештерді жаңартуды қамтыды: 24 сорғы, 20 жылу алмастырғыш, 5 ауаны салқындатылатын агрегат жеткізілді және орнатылды. 14 мың метр болатын технологиялық құбырлар монтаждалып, 317 бақылау-өлшеу аппараттары (БӨА) орнатылды. 64 мың метрден астам БӨА кабельдері мен 18 мың метрден астам электр кабельдердің монтажы жүргізілді.

Сонымен қатар автоматтандыру мен бақылау жүйелері және басқа да технологиялық жабдықтар жаңартылды.

Caspi Bitum зауытын жаңғырту – ҚазМұнайГаз бен CITIC Group арасындағы тиімді стратегиялық серіктестіктің нәтижесі. Жобаның Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор. Жаңартылған зауыт ішкі нарықтағы сұранысты өтеп және импортқа тәуелділікті азайта отырып, сапасы жоғары отандық битуммен тұрақты қамтамасыз ете алады. Бұл еліміз бойынша инфрақұрылым жобалар санының өсіп жатқанын ескерсек, ерекше маңызға ие.

АНЫҚТАМА: 

Caspi Bitum БК ЖШС – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "CITIC Kazakhstan" ЖШС ("CITIC Group" құрылымы) бірлескен кәсіпорны7 Ақтау қаласында орналасқан зауыт Қаражанбас кен орнының мұнайын өңдеуге және жол битумын өндіруге маманданған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу