"Күзетшілердің бірі жігітті соққыға жығып, басын жолдың тас жиегіне соғып, есінен танып қалды. Оқиға кезінде соққыға жығылған жігітті достары пәтерге алып кеткен. Онда ол есін жиып, бас ауруына шағымданып, ұйықтап кетеді. Келесі күні 1987 жылы туған ер адам, үш баланың әкесі миына қан құйылып қайтыс болды", - деп жазады ақтаулық блогерлер.
Бұл дерек ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша Ақтау полиция басқармасында тіркелген.
Полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады. Соттың санкциясымен ол екі айға қамауға алынды. 36 жастағы жәбірленуші ауруханада алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақтау қаласындағы Montana Blanka, Vinyl, Gremmis және Wow түнгі клубтары жанында стационарлық полиция бекеттерін орнату туралы мәселе шешілді. Жақында посттар орнатылады.