Ақтауда жарық тарифін көтеру бойынша өткен қоғамдық тыңдау жанжалға ұласты

507

Ақтау қаласында "Маңғыстау Жарық" ЖШС өтінімі бойынша электр энергиясына тарифтерді көтеру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті.  

Ақтауда жарық тарифін көтеру бойынша өткен қоғамдық тыңдау жанжалға ұласты Фото: бейнеден скриншот

№6 орта мектептің акт залы адамға лық толды. Қала тұрғындары мұндай маңызды шара неге демалыс күндері ұйымдастырылмағанына таңқалуда.

Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, көпшілік жұмысын тастап келуге мәжбүр болған. Жиналысқа шағын бөлме дайындағанына қарағанда халық аз келеді деп есептеген болуы мүмкін.

"Заңда мемлекеттік органдардың ақпарат беру туралы барлық іс-әрекеттері мен талаптары  халықтың пікірін ескеруге міндетті екендігі анық жазылған. Халық бірнеше рет қоғамдық тыңдауларды тек кешке, барлығы жұмыстан шыққан кезде немесе демалыс күндері өткізуді сұрап келеді. Бұл жолы тағы солай болды. Хабарламаны барлық БАҚ-қа алдын ала беріңіз. Халық сыятындай үлкен залдарға ұйымдастыру қажет", - деді Ақтау қаласының тұрғындарының бірі.                           

Сондай-ақ, қатысушылар тарифті көтеру жоспарланып отырғаны туралы ақпаратты наразылықпен  қабылдады. Акт залындағы жағдай ушыға түсті. Тұрғындар наразылықтарын айқайлап жеткізді. Тыңдауға мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысты, олар да тарифтің көтерілуіне қарсы болды.

"Бізге сіздің қызметтеріңіз мүлдем қажет емес. Екі ортадағы делдалдардан шаршадық.  АЭжБ бар, олар электр қуатын береді. Сіз немен айналысасыз, не үшін ақша аласыз? Біз тіпті Сіздің компанияңыздың не істеп жатқанын білмейміз. Сізге не үшін төлейміз?" - деп қынжылды тұрғындар.                                                                                                                                        

Жиналғандардың қызу талқысы мен наразылықтарына қарамастан, Маңғыстау облысының Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Жандос Сәлімов тыңдаулар өткізілді деп есептелетінін хабарлады.                                                   

"Көпшілік тыңдау өтті, бірақ қосымша тағы жиналыс өткізетінімізді хабарлаймыз. Егер шешім болмаса, қосымша міндетті түрде жүргізетін боламыз", - деп атап өтті Жандос Сәлімов.                                                                                                                         

Айта кетейік, Ақтау қаласында электр энергиясының сағатына бір кВТ- 17,40 теңге болмақ. Заңды тұлғаға- 21,38 теңге. Сөйтіп жарық құнын 9% қымбаттату жоспарлануда. Халық наразылығынан соң қандай шешім қабылданатынын алдағы жиналыс түйіндейтін болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу