Ақтауда жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратылды

519

Қазіргі уақытта электрондық мекен-жайдың иесін және оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.  

Ақтауда жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратылды Фото: polisia.kz

16 қаңтарда сағат 21:56 шамасында Ақтау қаласы полиция басқармасының 102 кезекші пультіне Ақтау қаласының 27 шағын ауданында орналасқан "Бәйтерек" сауда орталығына бомба қойылғандығы туралы шақыру келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл түрде барлық жедел қызмет барды. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін ғимараттан халық лезде шығарылды. Сауда орталығының аумағы полиция қызметкерлерімен қоршалды. Тиісті іздеу және тексеру шаралары жүргізілді. Саперлер тексеру жүргізіп, ешқандай жарылғыш құрылғыны тапқан жоқ.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен терроризм актісі туралы жалған хабарлау бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу