Ақтауда "Собачий кайф" атты қауіпті ойынға қатысқан оқушы ауруханадан бір-ақ шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, оқиға 18 мамыр күні болған. Шағын аудандардың біріндегі ойын алаңында жасөспірім "Собачий кайф" деген ойын ойнаған.
12 жасар бала есінен танып, құлап қалған. Салдарынан басы жерге соғылып, денесі құрыса бастаған. Куәгерлер жедел жәрдем бригадасы араға жарты сағат салып келгенін айтады. Жасөспірім Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.
Медициналық мекеме 2012 жылы туған жасөспірімнің ауруханаға жеткізілгенін растады. Оған "Бассүйек-ми жабық жарақаты, ми шайқалуы" диагнозы қойылды.
Дәрігерлердің сөзінше, науқастың жағдайы тұрақты. Бүгінгі таңда бала ем қабылдап жатыр.