Ата-аналардың айтуынша, қалада оқушы қыздардан құралған топ бар көрінеді. Олар басқаларды қатарына қосып, егер көңілдерінен шықпаса, ұратынға ұқсайды.
Олардың үстінен ұрып-соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Күдіктілердің заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Материал әкімшілік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі. Құқық бұзушы жеткіншектер профилактикалық есепке қойылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізілуде, – делінген хабарламада.