Ақтауда жасөспірім пиротехникадан зардап шекті

489

Ақтауда мереке күндері 14 жасар жасөспірім пиротехникадан зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz Lada.kz порталына сілтеме жасап.   

Ақтауда жасөспірім пиротехникадан зардап шекті Фото: lada.kz

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының мәліметінше, 2008 жылы туған жасөспірім пиротехникадан зардап шеккен. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бала үйіне жіберілген.

"Жасөспірім ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. Баланы аздап күйіп шалды. Дәрігерлердің тексеруінен кейін амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді", - делінген хабарламада.

Облыстық аурухананың ақпаратына сәйкес, мереке күндері пиротехникалық өнімдерден зардап шеккендердің ауруханаға түсу дерегі тіркелмеген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу