Ақтауда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

481

Шара аясында 50-ге жуық шағын, орта және ірі кәсіпорын иелері тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтауда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті Фото: Серік Маймеров

"Жастар Рухы" ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Абзал Мараттың айтуынша, бұл шара 14 пен 35 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтарға қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылған. 

"Еңбек нарығы мемлекетіміздің әлеуметтік әлеуетіне тікелей әсер ететін салалардың бірі. Аталған шара бүкіл еліміз бойынша өткізілуде. Тұрғындарды толық ақпаратпен қамту мақсатында әлеуметтік желілерде таргет жүйесін қолдандық. Іс-шара нәтижесінде кей салалардағы кадр тапшылығы шешіледі деген ойдамын", - деді Абзал Марат. 

Маңғыстау облысының 109 бірыңғай байланыс орталығының жетекшісі Нұргүл Жеткізгенова мекемеге оператор мамандардың керектігін айтады.

"Біз қойған талаптарға сәйкес, азаматтар өз түйіндемелерін тапсырып кетіп жатыр. Біздің орталыққа жұмысқа тұрғысы келетін жандардың екі тілді білуі шарт. Сондай-ақ облыс халқы маңызды ақпараттарды mangystau109 Instagram парақшасынан көре алады", - деді Нұргүл Жеткізгенова.

Сонымен қатар жұмыс берушілер жұмысшы мамандық иелерінің тапшы екенін айтады. Сондай-ақ IT мамандар мен дәрігерлер, мәдениет саласының мамандары аса қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу