Ақтауда жасырын жолмен тасымалданған 15 вагон тауар анықталды

866

Ақтауда  жасырын жолмен тасымалданған 15 вагон тауар анықталды

Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті "KLASSIK-2" компаниясының тауарларды контрабандалық жолмен өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырды.

Тергеу барысында 2015 жылғы 1-28 тамыз кезеңінде Қытай аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына "Klassik-2" компаниясы 37 жүк автокөлік құралымен жасанды құжаттармен халық тұтынатын тауарларды әкелгені анықталды.

"Классик-2" компаниясының өкілдері барлық тауарға ҚХР-дың жасанды экспорттық декларациясын, инвойстарды және тауар-көліктік жүкқұжаттарды жасап оларды қытайлық компания мөрінің бедерлерімен заңсыз түрде бекіткен.  Көрсетілген жасанды коммерциялық және көліктік құжаттарды "Классик-2" компаниясының өкілдері кеден органдарына ұсынған және тауардың атауы, салмағы, саны және құны туралы жалған мәліметтер көрсетілген кедендік декларацияларды мәлімдеген.

Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Ақтау қаласында 15 вагондағы контрабандалық тауарды ұстады. Жүргізілген қарап тексеру  іс жүзінде анықталған тауарлардың кедендік декларацияда көрсетілген тауарларға толықтай сәйкес келмейтінін көрсетті.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарлардың жалпы сомасы 1 млрд. 126 млн. 578 мың 159 теңгені құрады, оның ішінде декларацияларда көрсетілмеген тауарлардың сомасы 304 млн. 996 мың 192 теңгені құрады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу