Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде баланы көлік қағып кетті

186

Оқиға 5 наурызда кешкі сағат 18:00 шамасында Ақтау қаласындағы 7 және 9 шағын аудандардың аралығында болған.      

Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде баланы көлік қағып кетті Фото: lada.kz

Куәгерлердің айтуынша, бала жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтпек болған кезде оны көлік қағып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Lada.kz мәліметінше, куәгерлер шамамен 10 жастағы баланың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, тез арада көмек көрсетуге тырысқан.

Мамандар жүргізушілерді елді мекен аумағында жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда көлік жылдамдығын азайтып, мұқият болу – жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талабы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу