"Миы шайқалған": Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды

165

Ол амбулаторлық емдеуге жіберілді.

"Миы шайқалған": Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды Фото: Pixabay.com

Қала тұрғынының айтуынша, жексенбі күні, яғни 30 маусымда, түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгердің сөзінше, оны ұрып-соғып, нәтижесінде ол ми шайқалуы, параорбитальды гематома және бетінде көптеген көгерулер алған.

Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккенді дәрігерлер қарап шығып, медициналық көмек көрсетіп, амбулаторлық емдеуге жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу