Маңғыстау облыстық прокуратурасы Ақтауда қызды ұрып-соғу фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 109-1-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Осыған дейін Ақтауда ер адамның жұртшылықтың көзінше қызды аяусыз ұрып-соққаны бақылау камераларына түскенін жазғанбыз.
"Өңірдің полиция департаментіне тиісті тапсырма берілді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу органына жазбаша нұсқау берілді. Тергеу барысы бақылауға алынды", – деді облыстық прокуратурасы.
Өзге мәліметтер жария етілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу