Ақтауда жиі өшірілетін электр қуатына қатысты түсініктеме берілді

424

Ақтау тұрғындары кезек-кезегімен электр қуатын өшіру кестесінде көрсетілген деректер шындыққа жанаспайтынын айтып шағымдануда.

Ақтауда жиі өшірілетін электр қуатына қатысты түсініктеме берілді Фото: inbusiness.kz

"АЭЖБ" МКК желілер жүктемесіне байланысты электр қуатын өшіру уақытында ауытқулар болуы мүмкін деп түсініктеме берді, деп жазады Inbusiness.kz Lada ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"Электр қуатын кезекпен өшіру кесте бойынша жүреді, бірақ уақытына қатысты өзгерістер болуы мүмкін, өйткені мамандар желідегі жүктемені де ескеруі тиіс. Жүктеме күшті болмаса, жарық өшірілмейді. Кеше, 16 тамызда жоғарғы шағын аудандарда апаттық жағдай болды. Мәселе 19а, 34, 38, 39, "Шығыс-1" ықшамаудандарына қатысты. Сондай-ақ, электр қуатын өшіруге қатысты соңғы шешімді Маңғыстау өңірлік электртораптық компания қабылдайтынын ескеру керек, ал біз тек олардан түскен тапсырманы орындаймыз", - деп хабарлады кәсіпорында.

Маңғыстауда электр энергиясын пайдалануға шектеулер уақытша күшіне енгізілгенін еске саламыз. Өшіру бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі керек болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу