Ақтауда хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған қыз бала аман-есен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
16 жастағы ару Ақтау қаласындағы 4-шағын аудандағы үйден шығып, туыстарымен ұзақ уақыт хабарласпаған.
Белгілі болғандай, қыз баланы іздестіруге полиция қызметкерлері мен 13 ерікті қатысқан. Бірнеше сағаттан кейін 16 жастағы қыз бала аман-есен табылды.
Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта ақтаулық арудың жағдай жақсы және оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу