Ақтауда жоғары қабаттан төбесіне диван құлаған науқастың жағдайы ауыр

615

Ақтауда көп қабатты үйдің жанынан өтіп бара жатқанда, төбесіне диван құлап, зардап шеккен адамға ота жасалды. 

Ақтауда жоғары қабаттан төбесіне диван құлаған науқастың жағдайы ауыр Фото: inbusiness.kz

Мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымданған 39 жастағы азаматқа операцияны арнайы Астанадан келген Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары жасап шықты,- деп хабарлайды inbisness.kz тілшісі.

Дәрігерлер ер адамға алған жарақаты салдарынан "сал ауруына ұшырады" деген диагноз қойды.

"Омыртқа толығымен имплантпен ауыстырылды. Жұлынды қысып тұрған омыртқаның сүйек құрылымдары алынып тасталды. Осылайша жұлын қысымнан босатылды. Науқастың операциядан кейінгі жағдайы тұрақты ауыр. Қазір науқас реанимацияда жатыр", - деді облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.

Дәрігерлер жақын арада науқасты бөлімшеге ауыстыру жоспарланып отырғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда 11 шағын аудан, №41 үйдің жанында өтіп бара жатқан адамның үстіне жоғары қабаттан диван лақтырылған болатын. Салдарынан ер адам ауыр жарақат алып, есінен айрылды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы денсаулыққа абайсызда зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу