Ақтауда жол ортасында билеген "биші жүргізушілер" айыппұл арқалады

209

Жүргізушілердің не себепті бұндай әрекетке барғаны белгісіз.

Ақтауда жол ортасында билеген "биші жүргізушілер" айыппұл арқалады Фото: Бейнежазбадан

Ақтауда жол ортасында лезгинка билеп өзге көліктердің өтуіне кедергі келтірген көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты lada.kz порталына сілтеме жасап.

5 және 6-шағын аудандар арасындағы жол бойында би билеген Bentley, Mercedes Benz және Porsche автокөліктерінің жүргізушілерінің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Ақтау полицейлері жол ережесін бұзғандарды анықтап айыппұл салды.

"Меншік иелеріне заң бұзушылықтар туралы хаттамалар жасалды. Барлық үш элиталық көлік айыппұл тұрағына жіберілді. Полиция жүргізушілерден жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу