Ақтауда жолақы төлеміне өзгеріс енді

645

Қоғамдық көліктердің жолақысы ересектер үшін электронды түрде төлесе 70 теңге болады. 

Ақтауда жолақы төлеміне өзгеріс енді Фото: inbusiness.kz

Ал қолма-қол төлем жасаса 100 теңге. Ал балалардан ақшалай 50, банктік карта немесе QR-код арқылы 35 теңге сұралады. Жаңа тарифтер наурыздың 10-нан бастап қолданысқа енеді. Тиісті құжат облыстық әділет департаментіне жолданған. 

"Егер көпшілік жолақының арзан түрін таңдап, көрсеткіш 100% жетсе, жолаушы тасымалдаушылардың ай сайынғы табысын көруге мүмкіндік береді", - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейілов.

Жолаушылардан түсетін жолақының нақты көрсеткіші арқылы нақты табыс есептеледі. Осыған орай оларға субсидия тағайындалады. Қазір қала бойынша жолаушылар тасымалымен айналысатын 2 серіктестік бар. Олар 7 түрлі тасымал бағытты жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу