Ақтауда ЖОО Абай облысының 5 студентіне грант бөледі

770

Ақтаудағы Yessenov University Абай облысында орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына 5 білім грантын бөлетін болды. 

Ақтауда ЖОО Абай облысының 5 студентіне грант бөледі Фото: Ашық дереккөзден

Yessenov University президенті Берік Ахметов алапат өрт жергілікті тұрғындармен қатар бүкіл елді есеңгіреткенін айтады. Жойқын апаттан зардап шеккен балалар бакалаврға кез келген мамандыққа оқуға түсе алады. Сондай-ақ, жатақханаға тегін орналасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

“Тілсіз жаумен күресіп, орманды қорғау – Отанды қорғаудан кем емес ерлік. Сын сағатында қауіп-қатерге қарамай, қаһармандық көрсеткен азаматтарымыздың рухы алдында басымызды иеміз. Қазаның артының қайырын тілейміз. Мұндай қайғылы жағдай енді қайталанбағай”, - дейді Берік Ахметов.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу