Ақтауда жұмысшы жастарға арналған жатақхана пайдалануға берілді

816

Ақтауда жұмысшы жастарға арналған жатақхана пайдалануға берілді

Ақтауда жұмысшы жастарға арналған 500 орындық жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24kz.

Сырт көзге қонақ үйге ұқсас ғимарат "Шығыс-1" тұрғын үй алабында орналасқан. "Жаңа серпін" аймақтық бағдарламасы аясында өндірістік тәжірибеден өтіп, қызметке тұрған 120 жас баспаналы болды. Мұндағы бөлмелер 2-3 адамға арналған. Жас мамандар тек коммуналдық төлемақы төлейді. Жатақхана отбасылы азаматтарға басы бүтін беріледі. Дәрігер, мұғалім секілді өңірде тапшы бірнеше мамандық иелері де осында орналасқан. Облыс әкімдігі осы арқылы бюджеттік салада жұмыс істейтін қызметкерлерді баспанамен қамту мәселесін түбегейлі шешуді көздеп отыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу