Ақтауда жылу мен су тарифтері арзандады

811

Ақтау қаласының тұтынушылары үшін "Каспий жылу, су арнасы" МКК тарату желілері бойынша су беру қызметтеріне және жылу энергиясын бөлу қызметтеріне тариф бағасы төмендетілді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтауда жылу мен су тарифтері арзандады

Ведомствоның хабарлауынша, бұл ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 40-тармағына сәйкес инвестициялық бағдарлама сомасының төмендеуіне байланысты қабылданған шара көрінеді.

"Осыған дейін тарату желілері бойынша су беру жөніндегі реттелетін қызмет тарифі (ыстық су) бір текше метр үшін қосымша құн салығынсыз 98,16 теңгені құраса, енді 97,55 теңге болды. Осылайша 0,62 пайызға төмендеп отыр. Жылу энергиясын беру және бөлу бойынша тариф бір Гкал үшін 685,07 теңгені құраған еді, енді 683,66 теңге болмақ (-0,21%)", - деп хабарлады департамент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу