Еріктілердің айтуынша, зообақ иесі хайуанаттарға жағдай жасамаған.
Мәселеге қатысты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтау қалалық аумақтық инспекциясы тексеру жүргізген.
"Жабайы жануарларда ветеринариялық анықтамалар, төлқұжаттар бар, олар егілген", – делінген хабарламада.
Мамандар қандай да бір заң бұзушылық таппады. Алайда облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жануарлармен жауапты қарым-қатынас саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 407-2-бабы) кәсіпкерге 30 АЕК (110 760 теңге) дейін айыппұл салынатынын хабарлады.