Ақтаудағы айлақтардың бірінде жаппай төбелес болды

92

Полиция қылмыстық іс қозғады. 

Ақтаудағы айлақтардың бірінде жаппай төбелес болды Фото: Lada.kz

Ақтаудағы айлақтардың бірінде ер адамдар жаппай төбелес шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Айлақта бірнеше ер адамның төбелесіп жатқан сәті түсіп қалған бейнежазба желіде пайда болды. Жанжал кезінде қатысушылардың бірі суға құлап түседі. Оқиға куәгерлері төбелесіп жатқандарды ажыратуға тырысқан.

Полиция департаменті ер адамдар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқанын хабарлады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталды. Олар Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы толық анықталады", – делінген облыстық полиция таратқан хабарламада.

Медициналық көмекке жүгінгендер болмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу