Ақтаудағы әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді

567

Ақтауда әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры филиалының басшысы Руслан Бектубаев қамауға алынды. 

Ақтаудағы әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Медициналық сақтандыру қоры қалалық филиалының басшысы Руслан Бектубаев 17,5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Онымен бірге қылмыстық іс бойынша медициналық фирмалардың бірінің директоры да тергелуде.  

Компания қормен тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасаған. Денсаулық сақтау министрлігінің базасына емделу немесе дәрігердің кеңесін алған адамдар туралы жалған мәліметтер енгізілді. Яғни азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетілді деп толтырылғанмен іс жүзінде ешқандай ем жасалмаған. Бүгінгі күні күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Күдікті Руслан Бектубаев екі айдан бері тергеу изоляторында жатыр. Оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу