Ақтаудағы апатқа байланысты тергеу-оперативтік тобы жұмысын бастады

Топ құрамында Көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері бар. 

Ақтаудағы апатқа байланысты тергеу-оперативтік тобы жұмысын бастады Фото: ТЖМ

Қазіргі кезде қылмыстық істі елдің Бас прокуроры өз бақылауына алған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бас прокуратура Ақтау қаласы маңындағы әуе кемесінің апатқа ұшырауы бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарлады. Оның құрамына Көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірген. 

Оқиға орнына үкіметтік комиссия құрамымен елдің Бас көлік прокуроры барды.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ерекше бақылауына алынған. 
Апат аймағына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барған. 

Бұған дейін апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болғаны айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу