Аталған шараны жүргізудегі басты мақсат - әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығының жай-күйін текскеру. Қорытынды тексеріс барысында әскери қызметшілердің тактикалық, арнайы, атыс, саптық, дене шынықтыру дайындықтары тексеріледі.
Сондай-ақ, әскери машиналар мен ауыр техникаларды жүргізу, химиялық және биологиялық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану және әскери топография бойынша сынақтар тапсырады. Қортынды тексерістің нәтижесіне қарай әрбір әскери қызметші жеке-жеке бағаланып, соңында әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығына баға беріледі.