Ақтаудағы атыс: Зардап шеккен жігіттің жағдайы ауыр

523

Ақтаудағы атыстан кейін полиция алты күдіктіні ұстады.

Ақтаудағы атыс: Зардап шеккен жігіттің жағдайы ауыр

Маңғыстау облыстық ауруханасында оқ жарақаты бар 19 жастағы жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кетсек, 19 жастағы жігіт 12 қараша күні, таңғы сағат 5-30 шамасында ауруханаға жеткізілген. 

Еске сала кетейік, 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына "WOW" кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілді. Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды.

Осы оқиғаға қатысушылардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу